Хэнань қалалық құрылыс университеті

Білім беру бағдарламалары

6B06101 Ақпараттық жүйелер

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6B06103 Бағдарламалық инженерия

6B07103 Автоматтандыру және басқару

Дайындық бағыты

Компьютерлік ғылым және технология (HUUC)

080601 Электротехника және автоматика (HUUC)

6B06101 Ақпараттық жүйелер (АТУ АҚ)

080901 Компьютерлік ғылымдар және технологиялар (HUUC)

Дәреже деңгейі: Бакалавр

Серіктес университет:
Henan University of Urban Construction  (HUUC, Пингдиншань, Хэнань провинциясы, Қытай)
 

Қос дипломдық бағдарлама ақпараттық жүйелер саласындағы даярлықты компьютерлік ғылымдар мен заманауи цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық тәжірибемен біріктіреді. Студенттер жаһандық IT нарығында сұранысқа ие білім мен практикалық дағдыларды меңгереді

Бағдарламаның мақсаты

Заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және қолдауға, халықаралық кәсіби ортада үлкен деректермен, жасанды интеллектпен және цифрлық платформалармен жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті IT мамандарын даярлау.

Бағдарламаның артықшылықтары

  • Қос диплом — қазақстандық және халықаралық
  • Әлемдік IT стандарттарына сай оқыту
  • бағдарламалық жасақтауда заманауи технологияларды қолдану
  • деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы  дайындық
  • Киберқауіпсіздік және цифрлық инфрақұрылымды зерттеу
  • Ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі
  • Практикаға бағдарланған формат және нақты жобалармен жұмыс

Не үйренесіз

  • Ақпараттық жүйелерді жобалау және басқару
  • Бағдарламалау және бағдарламалық жасақтауды
  • Деректер базалары және бұлттық технологиялар
  • Деректерді талдау және машиналық оқыту негіздері
  • Компьютерлік жүйелер мен желілердің архитектурасы
  • IT жобаларын басқару және цифрлық бизнесті трансформациялау

Мансаптық мүмкіндіктер

Бағдарлама түлектері келесі мамандықтар бойынша сұранысқа ие:

  • Бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері
  • Жүйелік талдаушылар және ақпараттық жүйелер сәулетшілері
  • Деректер және жасанды интеллект мамандары
  • DevOps инженерлері және дерекқор әкімшілері
  • IT кеңесшілері және цифрлық жобалар менеджерлері

Бағдарлама форматы

  • Бірінші курс (1–2 семестр) —«АТУ» АҚ -да оқу
  • Екінші және үшінші курс (3–6 семестр) — HUUC-та оқу
  • Төртінші курс (7–8 семестр) —«АТУ» АҚ- да оқу

Оқыту тілі:

  • HUUC — ағылшын
  • «АТУ» АҚ — қазақ/орыс/ағылшын

Берілетін дәрежелер

Қос дипломды бағдарламаларды аяқтаған студенттерге:

  • «6B06101 Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бакалавры дәрежесі, «АТУ»  АҚ-ның өзіндік үлгідегі дипломы қосымшасымен;
  • HUUC –ның «080901 Компьютерлік ғылымдар және технологиялар»  мамандығы бойынша инженерлік ғылымдар бакалавры дәрежесі және  жоғары білімі туралы диплом қосымшасымен;

"6B06101 Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасы 

Компьютерлік ғылымдар және технологиялар (ҚЖТ) бағдарламасы

 

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету ( «АТУ» АҚ) 

080901 Компьютерлік ғылымдар және технологиялар (HUUC)

 

Білім деңгейі: Бакалавриат

Серіктес жоғары оқу орны- Henan University of Urban Construction (HUUC, Пиндиншань, провинция Хэнань, Китай)

Қос дипломды бағдарлама есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы инженерлік мектепті компьютерлік ғылымдар бағытындағы халықаралық дайындық стандарттарымен ұштастырады. Студенттер заманауи бағдарламалық әзірлеу технологияларын, есептеу жүйелерінің архитектурасын және жаһандық нарықта сұранысқа ие озық IT-шешімдерді меңгереді.

Бағдарламаның мақсаты

Есептеу жүйелерін жобалай алатын, бағдарламалық өнімдерді әзірлейтін, зияткерлік технологияларды енгізетін және ұйымдардың цифрлық трансформациясын қамтамасыз ететін жоғары білікті бакалавр-программистерді даярлау.

Бағдарламаның артықшылықтары

  • Қос диплом алу мүмкіндігі
  • Халықаралық академиялық орта
  • Бағдарламалау және жүйелік инженерия бойынша тереңдетілген дайындық
  • Жасанды интеллект және зияткерлік жүйелерді зерттеу
  • Киберқауіпсіздік және желілік технологиялар саласындағы құзыреттер
  • Практикаға бағдарланған оқыту және жобалық жұмыс
  • Ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі

Сіз нені меңгересіз

  • Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді;
  • Есептеу жүйелерінің архитектурасы мен жобалауын;
  • Алгоритмдер, деректер құрылымдары және жүйелік бағдарламалауды;
  • Бұлттық және үлестірілген жүйелерді, деректер базаларын;
  • Мобильді және веб-қосымшаларды әзірлеуді;
  • Машиналық оқыту және деректерді талдау негіздерін;
  • IT-жобалар мен цифрлық өнімдерді басқаруды.

Мансаптық мүмкіндіктер

Бағдарлама түлектері келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

  • Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері (Software engineer);
  • Жүйелік архитектор;
  • DevOps-инженері;
  • Жасанды интеллект және деректерді талдау саласының маманы;
  • Киберқауіпсіздік инженері;
  • IT-жобаларының техникалық жетекшісі.

 

Іске асыру форматы

  • Бірінші курс (1 және 2 семестр) студенттер «АТУ» АҚ-да білім алады;
  • Екінші және үшінші курс (3, 4, 5 және 6 семестрлер) оқуын HUUC университетінде жалғастырады;
  • Төртінші курс (7 және 8 семестрлер) — «АТУ» АҚ-да аяқтайды.

Оқу тілі

  • HUUC-та – ағылшын тілі;
  • «АТУ» АҚ-да – қазақ / орыс / ағылшын тілдері.

Берілетін дәрежелер

Қос дипломды білім беру бағдарламасын аяқтаған студенттерге төмендегі дәрежелер беріледі:

  • «6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының  бакалавры, «АТУ»  АҚ-ның өзіндік үлгідегі дипломы қосымшасымен;
  • HUUC –ның  «080901 Компьютерлік ғылымдар және технологиялар»  мамандығы бойынша инженерлік ғылымдар бакалавры дәрежесі және  жоғары білімі туралы диплом қосымшасымен;

«6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  білім беру бағдарламасы
(толық сипаттама мен оқу жоспары «АТУ» АҚ ресми сайтында ұсынылған):
 

 «Компьютерлік ғылымдар және технологиялар» даярлау бағыты (HUUC)
 (бағдарлама сипаттамасы HUUC ресми сайтында):

 

6B06103  Бағдарламалық инженерия («АТУ» АҚ) 

080901 Компьютерлік ғылымдар және технологиялар (HUUC)

Білім деңгейі: Бакалавриат

Серіктес жоғары оқу орны- Henan University of Urban Construction (HUUC, Пиндиншань, провинция Хэнань, Китай) 

Қос дипломды бағдарлама күрделі бағдарламалық жүйелерді жобалай алатын, әзірлейтін және енгізетін бакалавр-әзірлеушілерді даярлауға бағытталған. Оқыту халықаралық академиялық ортада инженерлік дайындық пен Computer Science саласындағы заманауи технологияларды ұштастырады.

Бағдарламаның мақсаты

Бағдарламалық инженерия саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи әдіснамаларын, IT-жобаларды басқару құралдарын және жасанды интеллект технологияларын меңгерген бакалаврларды даярлау.

Бағдарламаның артықшылықтары

  • Қос диплом — қазақстандық және халықаралық
  • Computer Science саласы бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес оқыту
  • Практикаға бағдарланған формат (жобалық жұмыс, командалық әзірлеу)
  • AI, Big Data және зияткерлік жүйелерді меңгеру
  • Бұлттық және үлестірілген технологияларды оқу
  • Киберқауіпсіздік саласында дайындық
  • Ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі

Сіз не меңгересіз

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің толық өмірлік циклі (SDLC);
  • Бағдарламалық жүйелер архитектурасын жобалау;
  • Алгоритмдер мен деректер құрылымдарын;
  • Заманауи бағдарламалау тілдері мен фреймворктерді;
  • DevOps тәсілдері мен нұсқаларды басқаруды;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау, тестілеу, сапаны қамтамасыз етуді ;
  • Зияткерлік және үлестірілген жүйелерді әзірлеуді.

Мансаптық мүмкіндіктер

Түлектер келесі мамандықтар бойынша сұранысқа ие:

  • Software Engineer / Full-Stack Developer (бағдарламалық қамтамасыз ету инженері / толық стек әзірлеуші);
  • Backend / Frontend әзірлеуші;
  • Жүйелік архитектор;
  • DevOps-инженері;
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету сапасы бойынша инженер (QA);
  • Жасанды интеллект және машиналық оқыту саласының маманы;
  • IT-жобалардың техникалық жетекшісі.

Іске асыру форматы

  • Бірінші курс (1 және 2 семестр) студенттер «АТУ» АҚ-да білім алады;
  • Екінші және үшінші курс (3, 4, 5 және 6 семестрлер) оқуын HUUC университетінде жалғастырады;
  • Төртінші курс (7 және 8 семестрлер) — «АТУ» АҚ-да аяқтайды.

Оқу тілі

  • HUUC-та – ағылшын тілі;
  • «АТУ» АҚ-да – қазақ / орыс / ағылшын тілдері.

Берілетін дәрежелер

Қос дипломды білім беру бағдарламасын аяқтаған студенттерге төмендегі дәрежелер беріледі:

  • «6B06103 Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры, «АТУ» АҚ-ның өзіндік үлгідегі дипломы қосымшасымен;
  • HUUC –ның «080901 Компьютерлік ғылымдар және технологиялар» мамандығы бойынша инженерлік ғылымдар бакалавры дәрежесі және жоғары білімі туралы диплом қосымшасымен;

«6B06103 Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасы (толық сипаттама «АТУ» АҚ ресми сайтында):
https://atu.edu.kz/welcome/bachelor/software-engineering/

6B07103 Автоматтандыру және басқару («АТУ» АҚ)

080601 Электротехника және автоматика (HUUC)

Білім беру деңгейі:
Бакалавриат

Серіктес жоғары оқу орны:
Henan University of Urban Construction (HUUC, Пиндиншань қаласы, Хэнань провинциясы, Қытай)

 

Қосдипломды бағдарлама автоматтандыру, электротехника және интеллектуалды басқару жүйелері саласында жаңа буын инженерлерін даярлайды.

Бағдарламаның мақсаты
 

Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, электротехникалық кешендерді және интеллектуалды өнеркәсіптік шешімдерді жобалау, енгізу және қызмет көрсетуге қабілетті бакалаврларды даярлау.

 

Бағдарламаның артықшылықтары

  • Қос диплом – қазақстандық және халықаралық (қытайлық)
  • Халықаралық инженерлік стандарттар бойынша оқыту
  • Электротехника және автоматтандыру саласында тереңдетілген дайындық
  • Интеллектуалды басқару жүйелері мен робототехника бойынша оқыту
  • Практикаға бағдарланған оқу және инженерлік жобалар
  • Өндірістік автоматтандырудың цифрлық технологияларын меңгеру
  • ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі
  •  

Сіз не үйренесіз:

  • Автоматты басқару жүйелерін жобалау
  • Өндірістік контроллерлерді (PLC) бағдарламалау
  • Электротехникалық есептеулер және электр жүйелерін жобалау
  • Динамикалық жүйелерді модельдеу және талдау
  • SCADA жүйелері мен цифрлық технологияларды енгізу
  • Өндірістік робототехника және интеллектуалды жүйелердің негіздері
  • Инженерлік жобаларды басқару
  •  

Карьералық мүмкіндіктер:
Бағдарлама түлектері төмендегідей мамандықтарда сұранысқа ие:

  • Автоматтандыру және АСУ ТП инженері
  • Инженер- электрик
  • Өндірістік робототехника бойынша маман
  • Өндірістік жүйелерді пайдалану және жаңғырту инженері
  • Электротехникалық кешендерді жобалаушы
  • Өндірістік жобалардың техникалық менеджері

Оқу форматы

  • Бірінші курс (1 және 2 семестр) – «АТУ» АҚ
  • Екінші және үшінші курс (3, 4, 5 және 6 семестр) – HUUC
  • Төртінші курс (7 және 8 семестр) – «АТУ» АҚ

Оқу тілі

HUUC – ағылшын тілі

АО «АТУ» – қазақ/орыс/ағылшын тілдері

Берілетін дәрежелер:
Қосдипломды бағдарлама бойынша білімін тәмамдаған студенттерге:

  • «6B07103 Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесі, «АТУ»  АҚ-ның өзіндік үлгідегі дипломы қосымшасымен;
  • HUUC -ның «Электротехника және автоматика» мамандығы бойынша инженерлік ғылымдар бакалавры дәрежесі және жоғары білімі туралы диплом қосымшасымен.

Білім беру бағдарламасы «6B07103 Автоматтандыру және басқару»

https://atu.edu.kz/welcome/bachelor/automation-management/

Дайындық бағыты: «Компьютерлік ғылымдар мен технологиялар» (HUUC)

 

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз